МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ КӨРСЕТІЛУ МЕРЗІМДЕРІН БҰЗУ ФАКТІЛЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ КӨРСЕТІЛУ МЕРЗІМДЕРІН БҰЗУ ФАКТІЛЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
(0 Votes)

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау бойынша департаментімен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Мониторинг» ИАЖ-дан мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің көрсету мерзімдерін бұзу туралы хаты негізінде рұқсат құжаттарын берудің және мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдеріне әр ай сайын талдау жүргізіледі.

Нәтижесінде, жыл басынан бері 189 өтінім бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылып көрсетілгені анықталған болатын.

Бұл ретте, талдау барысында мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу дәйектері орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдар тарапынан жіберілгендігі анықталған жағдайда, Департаментпен тиісті шаралар қабылданып отырады.

Мысалы, 2024 жылдың шілде айында «Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін мерзімін бұзып көрсеткені үшін Мақат, Индер білім бөлімдеріне ұсыныстар жолданып, тиісті мамандарына тәртіптік жаза қолданылды.

Бұдан бөлек, « Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 13 өтінімге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі мерзімі бұзылып ұсынылған.

Бұл ретте, Департаментпен заң бұзушылықтарға жол берген жауапты мамандарға тәртіптік шара қолдану туралы ұсыныс тиісті органдарға жолданды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT