Мемлекет басшысы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы 1 қыркүйекте өтеді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы 2020 жылдың 1 қыркүйек күні өтетін Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында жарияланады деп жоспарланып отыр.

Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында айтады. Жолдаудың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналады", - деп жазды Берік Уәли.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT