Ішімдік ішіп көлік жүргізгені үшін куәлігінен айырылды

(0 Votes)

Мақатта мас күйінде көлік жүргізгені үшін құқық бұзушыға қатаңдатылған жаза қолданылды.

Аудандық сот отырысында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 608-бабы 1‐бөлігімен құқық бұзушы Б‐ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта белгілі болғандай, Б есімді азамат 20 маусым күні сағат 23:50 минут шамасында Мақат кенті, С.Мұқашев көшесінің бойында көлік тізгінін алкогольдік ішімдік ішіп, масаң күйде басқарған.

Сондай-ақ, жол қозғалысы ережелерінің 2.4.2 тармағының талаптарын бұзған. Құқық бұзушының алкогольдік ішімдік ішкені медициналық куәландыру қорытындысы арқылы расталды. Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындады. Сот қаулысымен Б. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608‐ бабы 1‐ бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 15 тәуілік мерзімге әкімшілік қамаққа алу және 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Мақат аудандық соты

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT