Мектепте ақша жинауға тыйым салынды

(0 Votes)

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Отырысқа аудан әкімінің орынбасары Н.Ерғалиев төрағалық етіп, комиссия мүшелері қатысты.

Комиссия отырысында аудандық полиция бөлімінің ЖПҚб-ның ЮПТ-ның КТІЖ инспекторы полиция аға лейтенанты М.Бисенбаева мектеп оқушыларының арасында орын алған келіспеушілікке байланысты баяндама жасады.

Оқушылардың алдағы уақытта тәртіп бұзбау, ата-аналарға балаларының тәртібін бақылауға алу жөнінде ескерту берілді.

img_8076

Сонымен қатар, мектепте ақша жинауға қатаң тыйым салынғандығы туралы ата-аналарға мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілердің үнемі айтып, қадағалау тапсырылды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамалар жасалып, жасалған жұмыстардың есебін нақты жасап, жүйелі жұмыстар жүргізу тапсырылды.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылдау жөнінде шешім шығарылды.

А.ТАУМҰРЫНОВА

Сурет автордікі

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT