Мазмұнды брифинг сәтті өтті

Мазмұнды брифинг сәтті өтті
(0 Votes)

Жуырда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету бағыттары бойынша Атырау қаласы бойынша Мамандандырылған ХҚКО басшысы Фарида Ералина арнайы брифинг өткізіп, мекеме қызметі туралы баяндады.

2018 жылдың 14 желтоқсанынан бастап мамандандырылған халыққа қызмет көрсету бөлімі өз жұмысын бастады. Мамандандырылған бөлім мемлекеттік қызмет көрсетуші,яғни құжат қабылдаушы мекеме,барлық қабылданған құжаттар Әкімшілік полиция басқармасына мемлекеттік органға түседі.Түскен құжаттардың заңдылығын тексеру,мақұлдау немесе бас тартулар беру мемлекеттік мекеменің құзыретіне жатады.

МХҚК бөлімі тарапынан «Көлікті тіркеу, тіркеуден шығару», «Жүргізуші куәлігін беру»,емтихан қабылдау,практикалық емтихан қабылдау сияқты қызметтер көрсетіледі.

2023 жылдың 23 қаңтарынан бастап ҚР Президентінің Жарлығымен бір реттік жеңілдеттілген «Тіркеу (легализация)» жұмыстары бір жыл көлемінде атқарылған болатын, осы орайда жыл басынан бері Мемлекеттік корпорацияның «Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету бөлімімен 2023 жылдың 21мамырға дейін 8697 жүргізуші куәлігін алуға ниет білдірген үміткерлерден теориялық емтихан қабылданған.

Бұл ретте, Жүргізуші куәлігін алуға ниет білдірген үміткерлер теориялық емтиханнан өткеннен кейін практикалық емтиханнан өтулері қажет.

Атап өтетін жайт, Мемлекеттік корпорацияның Мамандандырылған ХҚК бөлімінде қызмет алушылардан практикалық емтихан A,A1, B, B1, C, D, D1, CE, DE, BE санаттардағы көлік құралдарымен жарақталған және жүргізу нәтижелерін автоматты түрде есептейтін мамандандырылған құрылғылармен жабдықталған автоматтандырылған автодромда жүзеге асырылып отыр.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен бекітілген «Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру» қағидасының (бұдан әрі-Қағида) 2-тармағына сәйкес, емтихандар қабылдауды, азаматтарға "А", "В", "С", "D", "ВЕ", "СЕ", "DЕ", "Tm", "Tb" санаттарындағы, "A1, B1, C1, D1, С1Е және D1E" кіші санаттарындағы жүргізуші куәліктерін беруді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүзеге асырады.

Осыған байланысты, Қағиданың 2-тармағына сәйкес, емтихандар қабылдауды, азаматтарға "А", "В", "С", "D", "ВЕ", "СЕ", "DЕ", "Tm", "Tb" санаттарындағы, "A1, B1, C1, D1, С1Е және D1E" кіші санаттарындағы жүргізуші куәліктерін беруді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы қайтадан беруді орынды деп пайымдалады.

Қазіргі таңда теориялық емтиханға қабылдау Мамандандырылған ХҚКО бойынша жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, ҚР ІІМ-нің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы 862-ші бұйрығына 23 сәуір 2024 жылдан бастап өзгертулер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты жүргізуші куәлігін алуға өтініш беруші кандидаттар міндетті түрде теориялық және практикалық емтихандар тапсыру үшін арнайы автомектептерді аяқтағандығы жөнінде сертификат қажет .

Практикалық емтихан тапсыру В санаты үшін механикалық және автомат автокөліктері датчикпен жабдықталып, арнайы базаға тіркелген. Қосымша санаттар A,A1,C,D,D1,CE, DE, BE үшін ӘПБ, МХҚО бөлімі инструкторы және автомектеп инструкторымен құрылған арнайы комиссия жасақталған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT