Халық тарапынан әсіресе мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметіне қатысты сауалдар көп жолданып жатады. Осы орайда, көкейде жүрген кезекті сауалдарға Атырау қаласы бойынша Мамандандырылған ХҚКО басшысы Фарида Ералина жауап береді:
1-сұрақ: Жаңадан жүргізуші куәлігін алу тәртібі туралы айта кетсеңіз?
Жауабы: Көлік жүргізу бойынша теориялық және практикалық емтихан тапсыру booking.gov4c.kz сайты броньдау арқылы келеді. Қажетті құжаттарға ІІМ-нің №862 бұйрығына сәйкес, медициналық анықтама, автомектептен сертификат, мемлекеттік баж алымы талап етіледі. Құжат рәсімделгеннен кейін емтихан қабылдау бөлмесіне кіру барысында (қолсағат, құлаққап, ұялы телефон, қағаз) тексерістен өткізіледі.
2-сұрақ: Жоғарғы сұраныстағы номерлер қанша МРП-дан басталады?
Жауабы: Жоғарғы сұраныстағы номерлары 57 МРП-дан (210 444) басталып 228 МРП дан аяқталады.
3-сұрақ: Жүргізуші куәлігін алу үшін өзгертулер енгізілген, ол қандай өзгертулер?
Жауабы: Барлық санатқа жүргізуші куәлігін алу үшін міндетті түрде автомектеп сертификаты сұралады.
4-сұрақ: Шетелден әкелінген және қосымша жабдықталған автокөліктердің ӘПБ-на тексеріске баруы міндетті ме?
Жауабы: Ия, №862 бұйрығына сәйкес шетелден әкелінген көліктер және ауыр жүк автокөліктері қосымша жабдықталған автокөліктер (кузов ауыстыру,түсін өзгерту) т.с.с. өзгертулер болған жағдайда ӘПБ-нан алдын ала тексеруден өтіп,тексеруді растайтын анықтама арқылы бөлімге жүгінеді.