Облыс орталығында өткен, мұнай-газ саласы компаниялары қатысқан халықаралық форумда өңірге 2,2 трлн теңге көлемінде инвестиция тартылғаны айтылды.
Бұл өз кезегінде облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң серпiлiс бергені анық. Мұны Президентімiздiң, облыс басшыларының жүргiзiп отырған саясатының оң нәтижесі деп бағалаймын.
Бүгінгі таңда Атырау облысында жалпы саны 740-тай кәсіпорын жұмыс істейді екен. Олар жүздеген адамды жұмыспен қамтып, ел қатарлы өмір сүруiне жағдай жасап отыр. Халықаралық форумда Атырау облысында мұнай-газ саласында жұмыс жасап жатқан бiрқатар компаниялар бас қосып, өзара ынтымақтастық жөнінде мәмiлеге келiп, еңбектері еленiп, марапатқа ие болды. Жалпы осындай форумның облысымызда өтуi өңiрiмiздiң инвестициялық тартымдылығын арттыра түседi. Өз кезегінде бұл жаңа жұмыс орындарының ашылуына, бюджетке түсер қаржының артуына, әлеуметтiк жобалардың iске асуына ықпал етеді. Еліміз, облысымыз өркендеп дами берсін!
Жұмақай Ғұмаров,
Құрманғазы аудандық ақсақа