Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысында халықаралық бизнес қоғамдастығы мен Қазақстан Үкіметінің өзара іс-қимылына қатысты өзекті мәселелердің талқыланғаны қуантады.
Инвесторлар үшін тұрақты және қолайлы бизнес-орта құру – Қазақстан экономикасының ұзақ мерзімді дамуы үшін маңызды қадам. Бұл кеңес шетелдік және отандық инвесторлармен тығыз ынтымақтастық орнатуға, олардың ұсыныстарын ескеруге және бизнес жүргізу шарттарын одан әрі жақсартуға жол ашатыны сөзсіз.
Осы инвестициялық ахуалды жетілдіру жөніндегі бастамаларды қолдаймын.
Ілгерілеу мен тұрақты даму жолындағы бірлескен жұмыстың табысты боларына сенім білдіремін.
Бекбол АТЕНОВ,
Аудан тұрғыны