Мақаттықтар “Biz birgemiz” акциясына үн қосты

(0 Votes)

 Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары негізінде «Nur Otan» партиясының Мақат аудандық филиалы және «Jas Otan» волонтерлары «Біз біргеміз» республикалық акциясына үн қосты.

Волонтерлар жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен және аудандық мәслихат депутаттарының көмегімен аз қамтылған, көп балалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға және жалғызбасты қарттарға медициналық маскалар, антисептикалық құралдар мен бірінші кезекте қажетті тауарлар және азық-түліктерді таратты.

5c6ecb02-6f35-4656-8c76-347f8be0f746

Бұл өнімдерді партиялықтар мен «Jas Otan» волонтерлары байланыссыз тарату жолымен үлестірді. 18 наурыз күні басталған акция аясында барлығы 21 отбасыға көмек көрсетілді. Алдағы уақытта да игі іс жалғасын таппақ.

М.Серікқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT