Алимент  ата - ананы алмастыра алмайды

(0 Votes)

Кәмелетке толмаған балаларды күтіп бағудың тәртібі мен нысанын ата-ана дербес айқындайды. Бұл тұрғыда олар алимент төлеу туралы келісім жасасуға құқылы.

Келісім ерікті түрде орындалмаған жағдайда, қаражат сот тәртібімен өндіріп алынады. Алимент төлеу туралы келісім болмаған және сотқа талап-арыз берілмеген кезде, қорғаншылық немесе қамқоршылық органдары олардың ата аналарынан алимент өндіріп алуға талап арыз беруге құқылы. Сот кәмелетке толмаған бір балаға – ата-ана табысы мен өзге де кірісінің төрттен бір, екі балаға – үштен бір бөлігін, үш және одан да көп балаға тең жартысынан өндіреді. Бұл үлестердің мөлшерін сот тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайларын және назар аударарлық өзге де мән-жайларды ескере отырып кемітуі немесе көбейтуі мүмкін. Ата-ана табысы мен өзге де кірісінен үлестік қатынаста алимент өндіріп алу мүмкін болмаған не тараптардың бірінің мүддесін елеулі түрде бұзатын жағдайларда сот алимент мөлшерін анықтайды. Күндізгі оқу орнында оқитын жиырма бір жасқа дейінгі жастарға күтіп-бағу қаражаты сот тәртібімен тұрақты ақша сомасында жүргізіледі. Тұрақты ақша сомасының мөлшерінде сот тараптардың материалдық және отбасылық жағдайларын ескереді. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға алимент заңға сай өндіріп алынып, олардың қорғаншысы не патронат тәрбиешілеріне төленеді. Қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронат тәрбиешіге берілген төлемдер екінші деңгейдегі банктерде ашылған балалардың депозиттік шоттарына аударылады. Алимент мөлшерін айқындау кезінде сот алимент төлеуге міндетті адамдардың бәріне олардың біреуіне немесе бірнешеуіне талап-арыз берілгеніне қарамастан, түгел ескереді. Заңнан түсінік беріп отырғанымыз, ата-ана мен бала немесе бауырлардың соттасуы қазаққа жат. «Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған» халықпыз, Бір-бірімізге қамқорлық танытудан қашпайық.

А.Сагандыкова,

аудандық соттың бас маманы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT