Мақат колледжінде индустриялық кеңес құрылды

(0 Votes)

Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі жанынан индустриялық кеңес құрылды.  Мұндағы мақсат еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби мамандарды дайындау. Кеңестің алғашқы отырысына жергілікті билік өкілдері,  өндірістік компаниялардың мамандары офлайн және шетелдік сегіз компанияның өкілі онлайн қатысты.

«Кеңес құрудағы негізгі мақсат өнідістік мекемелер мен тығыз байланыс орнату. Сонымен қатар, нарық заманына сай кадр дайындау. Сондықтан бұл кеңес, өз нәтижесін береді деп ойлаймын. Қазіргі таңда Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде жұмысқа орналасу 76,6 пайызды құрап отыр. Осы пайызды алдағы жылдары 90 пайызға жеткізу негізгі мақсатымыз», - дейді Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінің директоры Ізтұрған Тасбаев.

img_0008

Бүгінде колледж 14 мамандық бойынша маман дайындайды. Оқу ордасы осыдан бес жыл бұрын дуалдық оқыту жүйесіне көшкен. Қазіргі таңда бес мамандық  осы жүйе бойынша оқытылып, нәтижесінде өткен жылы 100 түлек жұмыспен қамтылған. Бұл түлектердің 88 пайызын құрап отыр.

img_0025

Алдағы оқу жылынан бастап колледжде «Жас маман» жобасы жүзеге аспақ. Бұл студенттер үшін жағымды жаңалық. Өйткені аталмыш оқу ордасы еліміздегі 600 колледждің ішінен іріктелген 180 кәсіптік оқу орнының бірі болып отыр.

snimok-ekrana-141

Осы мақсатта колледж базасын заманауи жабдықтармен жарақтандыруға 3 млн теңгеге жуық қаражат қарастырылған. Жоба бойынша колледжде төрт мамандық арнайы оқытылмақ. 80 жылдық тарихы бар оқу орнында қазір 250-ден астам студент білім алып жатыр. Оның 60 пайызы доссорлық студент болса, 30 пайызы мақаттық, қалғаны көршілес аудандардан.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Суреттер автордан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT