Аудандық партия филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Мақат ауданы бойынша короновирустық инфекция COVID-19-ға қарсы екпе алу жөнінде аудандық ауруханаға мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Мониторинг нәтижесінде, Мақат ауданына ақпан айынан бері 1550 доза “Cпутник V” вакцинасы келіп, соның күні бүгінге дейін 1033 дозасы игерілгені анықталды.
Оның ішінде студенттер-25, мемлекеттік қызметкерлер-49, медицина-151, педагог-166, вахталық әдіспен жұмыс жасайтындар-107, учаскелік полицейлер-77, кәсіпкерлер-16, теміржол саласы мамандары-139, өндіріс саласы мамандары–89, зейнеткерлер–38, жұмыссыздар – 154, басқалары-22 адамды құрап отыр.
"Екпе аламын деуші аудан тұрғандары үшін вакцина толықтай жеткілікті",- дейді жергілікті медицина мамандары.