Мақат ауданы бойынша мемлекеттік қызметтің жәй-күйі

фото: tolqyn.kz
(0 Votes)

2023 жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша Мақат ауданы әкімдігіне қарасты аудан әкімі аппараты, 2 кент, 1 ауылдық округ және 9 дербес бөлім бар. 

Жалпы штат саны – 73, нақты 65 штат бірлігін құрайды. Бос орындар саны – 8 (5 тұрақты, 3 уақытша). Мемлекеттік қызметшілердің 99%-ы жоғары білімді.

Аудан бойынша мемлекеттік қызметшілердің ішінде ерлер 24 (36,9%), әйелдер саны 41 (63,1%). Жас ерекшеліктері бойынша 23-29 жас аралығында - 5, 30-39 жас аралығында - 18, 40-49 жас аралығында - 31, 50 жастан жоғары - 11 қызметші бар.

2023 жылдың 9 айында 7 ішкі, 13 жалпы конкурс жарияланып, қорытындысымен 11 мемлекеттік қызметші тиісті лауазымдарға орналасты.

Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған 1 мемлекеттік қызметшіге сынақ мерзімі белгіленіп, тәлімгерлер бекітілген. Сынақ мерзімін 6 айға ұзартқан қызметшілер болған жоқ.

2023 жылы мемлекеттік қызметтен басқа жұмысқа ауысуларына байланысты, таза ауысыммен 3 мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылды.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалынан 2023 жылы мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсына – 3, мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған қызметшілерді қайта даярлау курсына – 0, біліктілігін арттыру семинарына – 36 мемлекеттік қызметші қатыстырылып, өз білімдерін жетілдірді.

Т.Аманжанов,

Мақат ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT