Алты айда екі мың ауыл SpaceX Starlink арқылы интернетпен қамтылады

(0 Votes)
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Илон Макс компаниясы алдағы жарты жылдың ішінде еліміздегі шалғайда орналасқан 2 мың ауылды Интернетпен қамтамасыз етеді. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды Kazinform. 

«Форумға SpaceX төрағасының орынбасары (SpaceX Starlink бизнес-операциялары жөніндегі директоры Лорен Дрейер) келген болатын. Онымен екіжақты кездесулер өтті. Ол Президент мырзамен кездесуі барысында пилот ретінде шалғайдағы 2 мың ауыл мектебін SpaceX Starlink технологиясы арқылы интернетке қосуға келісімін берді. Біз көп ұзартпай, жарты жылдың ішінде 2 мың ауылдағы мектепті Starlink арқылы жылдамдығы жоғары Интернетке қосамыз», - деді министр «Digital Bridge 2023» халықаралық технологиялық форумы аясындағы брифингте.

Оның атап өтуінше, SpaceX Starlink технологиясының игілігін тек мұғалімдер мен оқушылар ғана емес, сонымен қатар ауыл тұрғындары да көреді.

«Меніңше, ол жалпы ауылдағы Интернетке қосылам деушілерге үлкен мүмкіндік береді. Өйткені, ол ауылдарда 200-ден 500-ге дейін адам тұрады. Олардың ішінде интернет мүлдем жоқ ауылдар да бар. Сол ауылдарға 100-200 Мбит-тік интернет жеткізілген кезде тұрғындар мектептегі интернетті пайдаланып, өздеріне қажетті сервистерді жүктей алатын болады», - деді Бағдат Мусин.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521