Мамандықтың мәртебесі - жастардың еңбегімен артады

(0 Votes)

Бүгінгі таңда еліміздің өркендеуі мен ауылымыздың көркеюіне сүбелі үлес қосып жүрген жұмысшы маман иелерінің еңбегі – аса құрметке лайық. Олар – өз қолымен тіршілікке тірек болып жүрген, шынайы еңбектің қадірін ұғынған жандар.

 Махамбет ауданында еңбек майданында шыңдалып жүрген жастарымыз – біздің мақтанышымыз. Құрылысшы, дәнекерлеуші, тракторшы, жүргізуші, аспаз, шаштараз сынды мамандық иелері – ауыл өмірінің ажарын келтіріп, тұрмысымызды жеңілдетіп, қоғам дамуына нақты үлес қосып келеді.

Жұмысшы маман болу – оңай жол емес. Бұл – шеберлік пен шыдамдылықты, тәртіп пен жауапкершілікті талап ететін нағыз еңбек мектебі. Біз, жастар орталығы, ел болашағын қалыптастыратын осындай маман иелерін насихаттауды басты мақсатымыз деп білеміз. Себебі, еңбек адамы – жастар үшін үлгі, тәрбие көзі.

Бүгінде елімізде техникалық және жұмысшы мамандықтарға деген сұраныс артып отыр. Бұл – жас ұрпақ үшін зор мүмкіндік. Қандай қызмет болмасын, адал еңбекпен істелген іс – әрдайым биік тұрады. Сондықтан әрбір жас өзінің қабілетіне сай кәсіпті еркін меңгеріп, туған жеріне қызмет етсе, бұл – елге жасалған ең үлкен жақсылық.

Ақжол ҚОНЫСБАЕВ,

Махамбет аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT