Мал ұрлығы ауыр қылмыс түріне жатады

(0 Votes)

Мал ұрлығы қоғамның бас ауыртар мәселесіне айналғалы қашан. Осы ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке мал ұрлаушыларға жазаны күшейтуді тапсырған болатын.

"Мал-баққанға бітеді" дегендей, төрт түлік малдың қадір-қасиетін білетіндерге оны өсірудің машақаты да жақсы мәлім. Алайда, сол жазғы-қысқы бағымын қадағалап, азық-суын сайлап, тұратын орнын жайлап, күтіп отырған үй жануары табан астында қолды болып кетіп жататын жағдайлар да жоқ емес.
Алдағы уақытта аудан көлемінде ауылдық округтерде де осы мәселеге қатысты нақты іс-шаралар жүргізу жоспарлануда. Барымта қазақ халқында бұрыннан бар. Мал ұрлығын ашуға кедергі келтіретін негізгі себептерге мыналар жатады:
-малды жайылымға қараусыз жіберу;
-малды жүк көліктерімен ілеспе құжаттарсыз не жалған ветеринарлық төлқұжатпен алып жүру;
-жайылымға қараусыз кеткен малды іздеуге полиция көп күш пен ресурс жұмсайды;
-мал иелері иелігіндегі мал ұрлығы туралы полицияға дер уақытында хабарламайды:
-малды сәйкестендіру және есепке алуда шешілмеген мәселелер бар.
Қылмыстық кодекстің 188-бабындағы "ұрлық" бабы енді Қылмыстық кодекстің 188-1 деген бабынан қылмыс нысанымен бөлек болды.
Мәселен, "мал ұрлығы" атты баптың 1-тармағы бойынша осындай қылмыс үшін жүктелетін айыппұл мөлшері 3 мың АЕК-ке (7 миллион 575 мың теңгеге) дейін өсті. Ал бас бостандығынан айыру немесе оны шектеу мерзімі 5 жылға дейін жеткізілді, қылмыскердің мүлкі міндетті түрде тәркілеп алынатын болды. Осы бапта мүлкін тәркілеп, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын жүктеу қарастырылған. Осылайша, мал ұрлығы енді ауыр қылмыс түріне жататын болады.
Мал ұрлығын бірнеше рет жасаса немесе жеке адамның қорасына кіру арқылы жасаса, кінәлі адам 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Ал мал ұрлығы қылмыстық топ арқылы және ас ірі көлемде жасалса, барымташылар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Жайылымға қараусыз кету салдарынан қолды болған малды иесінің шағымы бойынша іздеуге аса көп ресурс жұмсалатынын да айту керек. Мал ұрлығымен күресте малды есепке алу, сәйкестендіру үлкен рөл атқарады.

С.Кенбаева,
аудандық соттың бас маман

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521