Алаяқтың адымы қысқа

(0 Votes)

Соңғы кездері алаяқтық уақыт ағымына сай түрлене түскені байқалады. Азаматтық құқық бұзушылықтың заманауи технологиялар арқылы жаңа әдістері пайда болуда.

Соның бірі несиені үшінші адамдар арқылы заңсыз рәсімдеу, иелікте жоқ мүліктің сауда-саттығы, туысқандар туралы жалған мәліметтер беру, интернет арқылы алдап-арбаудың сан қилы айла шарғылары кездесуде. Алаяқтық дегеніміз - ең алдымен жалғандық, өзгенің сеніміне кіріп арбау. Сондықтан қылмыстың бұл түрімен күрестің тиімді жолы сізді алдауы мүмкін адамның айтқан мәліметтерінің анық-қанығына көз жеткізу.
Алаяқтық - бұл жәбірленушіні алдап, пайда алу тәсілі. Қазіргі таңда алаяқтықты ауыр қылмыстар қатарына жатқызуға болады. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодекстің 190 бабына сәйкес, алаяқтық – алдау және сенімге қиянат жасау жолымен бөтен мүлікті ұрлау болып табылады.
Алаяқтық дерегі туралы ауданда 2021 жылдың 12 айында ҚР ҚК-нің 190 бабының 2 бөлігінің 4 тармағымен, яғни интернет жүйесі арқылы алаяқтық дерегі бойынша барлығы 25 қылмыстық іс тіркеліп, 5 іс жәбірленушімен татуласуына байланысты аяқталған. 20 іс ҚР ҚПК-нің 45 бабының 7 бөлігінің 1 тармағы негізінде мерзімдері үзілген.
2022 жылдың үш айында, ҚР ҚК-нің 190 бабының 2 бөлігінің 4 тармағымен, 7 қылмыстық іс тіркеліп, 1 іс жәбірленушімен татуласуына байланысты аяқталған. 6 іс ҚР ҚПК-нің 45 бабының 7 бөлігінің 1 тармағы негізінде мерзімдері үзілген.
Қазіргі таңда алаяқтықтың негізгі тәсілдерінің бірі өздерін банктің қызметкерлері ретінде таныстырып, «Сіз бір миллион теңге несие рәсімдеп жатырсыз ба?»,- деп хабарласып, жәбірленуші ондай несие рәсімдеп жатырмағынын айтқанда, «Сіздің есепшотыңызды тез арада басқа есепшотқа жіберуіміз керек. Сіздің телефоныңызға келген sms санын айтыңыз, жеке куәлігіңізді суретке түсіріп жіберіңіз» т.б осы тектес себептермен хабарласып, құрыққа оңай түсіреді және көп тараған тағы бір түрі автокөлік бөлшектерін жарнамалау, көлік жарнамалау тәсілдерімен алдау болып отыр. Бұл қылмыстардың ашылуына кедергі келтірудің бірден-бір себебі, банк есепшоттардың Ресей федерациясынан шығулары салдарынан кедергілер келтіруде.
Қарапайым халықты интернет алаяқтардан сақ болудың қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтап, дербес деректерді, пластикалық карталардың мәліметтерін, кодтарды және құпия сөздерді ешкімге хабарламауға, белгісіз әрі тексерілмеген сайттар арқылы алдын ала төлем жүргізбеуге, күмәнді мәмілелер бойынша ақша аударымдарын жүзеге асырмауға, ұялы телефон мен компьютерге белгісіз қосымшаларды орнатпауға, кез келген сілтеме бойынша өтпеуге, спам хабарламаларға сенбеуге шақырамын. Осылайша қылмыстың алдын алып, еңбектеріңізбен тапқан қаражаттың алаяқтың қолына түсуіне жол бермейсіз. Өз қырағылығыңыз ғана мына заманда алаяқтар құрығына түспеуге мүмкіндік беретінін ұмытпаңыз.


Г.Чингисов,
аудандық соттың төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521