Мақат кентішілік статистика бойынша 2 адам қаза болып, 4 адам дене жарақатын алған.
Мақат ауданы бойынша жыл басынан бері 15 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, республикалық маңызы бар тас жолдарда 18 адам дене жарақатын алған. 10 адам қаза болған.
Ал, кентішілік статистика бойынша 2 адам көз жұмды. 4 адам дене жарақатын алды. Патрульдік полиция тобы көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон қолданған - 58, қауіпсіздік белдіктің қолдану тәртібін бұзған – 162, жаяу жүргіншіге жол бермеген - 13, көлік құралын масаң күйінде басқарған 12 дерек тіркеп отыр.
«Бір айта кетерлігі, кент тұрғындары да, жаяу жүргіншілер де қарапайым ережелерді сақтамай, белгіленбеген жерді кесіп өтуді әдетке айналдырған. Сондықтан, жаяу жүргіншілерді қағып кету жағдайын алдын алу үшін кез келген жаяу жүргінші көліктің тоқтағанына көз жеткізіп немесе жылдамдығын азайтып жатқанын ескеруі тиіс. Әсіресе, мектеп жасындағы оқушылардың құлаққап киіп алып, жол ережелерін сақтамай жататындығын байқаймыз. Ал бұл - түрлі оқыс оқиғаның орын алуына әкеп соғары анық» дейді Мақат аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Марат Сәбитұлы.