Мақатта Медиация күніне орай ашық есік күні өтті

(0 Votes)

Дау-дамайларды шешудің медиация тәсілі соңғы жылдары кең қолданысқа ие. Яғни, екі тараптың ортақ шешімге келуіне судья емес, медиатор көмектеседі. Егер, келісімге келсе, тараптар өзара жазбаша келісім шартын жасасады. Медиацияда ұтқан, ұтылған деген тарап жоқ, себебі олар екі жаққа қолайлы мәмілеге келуі керек. Сондықтан ол сотқа жүгінуге қарағанда әлдеқайда оңай. Мақсаты да – сот жүйесіне түсетін ауыртпалықты кеміту.

Елімізде медиация туралы заң 2011 жылы қабылданса, 5 тамыз – Республикалық медиация күні болып белгіленген еді.
Аталған күннің құрметіне Мақат кенті әкімдігінің залында аудандық қоғамдық келісім кеңесінің ұйымдастыруымен ашық есік күні өтті.
Шара барысында ауданымыздағы кәсіби емес медиаторлар медиацияның қыр-сырын түсіндіріп, жиналғандардың сұрақтарына жауап берді.

–Біздерге көбіне ұрлық, ажырасу, еңбекақы дауына қатысты істермен жүгінеді. Медиация арқылы шешілгенде қос тарап әрі уақыт үнемдейді әрі жауапкершіліктен құтылады. Ешкімнің ар-ожданына тимей, екі жақтың құқығын бірдей сақтау – біздің міндетіміз. Бірақ, біз арқылы шешілмей қалатын мәселелер де болады.

Бұрын билерге жүгініп, оның бер жағында жолдастық жиналыс деген болса, медиация солардың жалғасы іспетті, - деді жиында кәсіби емесмедиатор Сәбит Халенов.


А.Байшуақ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521