Мақат кентінде балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі қайта жаңғыртылуда

(0 Votes)

Мақат аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Болатбек Сәрсеннің айтуынша, қазіргі уақытта Мақатта 9 нысанның құрылыс монтаждау жұмыстары жүріп жатыр.

Олардың қатарында, Бәйгетөбе ауылдық округі, Мақат кентіндегі Ж.Жұмағалиев, Н.Шағырова, С.Мұқашев және Бостандық көшелеріне салынатын спорт алаңдары, Мақат кентіндегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ғимаратын қайта жаңарту жұмыстары бар. Сондай ақ, Мақат кентіндегі көше жарығы құрылысы және көше жөндеу жұмыстары, Доссор кентіне инженерлік -коммуникациялық инфрақұрылым өткеліне электр, газ және су желілері құрылысы жүргізілуде.

Асылбек Есжан

Фото ашық дерекөздерден алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521