Мақатта азық-түлік дүкені өртенді

(0 Votes)

Бүгін Мақат ауданы, Мақат кентіндегі «Бекзат» азық-түлік дүкенінен өрт шығып, дер кезінде өшірілді, деп хабарлайды аудандық төтенше жағдайлар бөлімі.

Жалпы ауданы 10х5м болатын дүкеннің тек 2х3 м болатын аумағы ғана өртке оранған. Дәлірек айтқанда, сатушының орындығы, касса аппараты және құжаттары жанған. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Тоқтың қысқа тұйықталуынан таңғы мезгілде орынған алған «тілсіз жауды» ауыздықтауға №8 өрт сөндіру бөлімінің 4 қызметкері, 1 техника жұмылдырылған. Төтеншеліктер тұрғындар мен нысан иелерінен өрт қауіпсіздігі ережелерін естен шығармауды сұрайды.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521