Адамзаттың шамшырағы – Абай

(0 Votes)

Аптаның сәрсенбісінде әлем мәдениетінің ұлы ойшылы, қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы ұлы тұлға Абай күніне орай аудандық мәдениет үйі мен орталық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Адамзаттың шамшырағы – Абай» тақырыбында әдеби-танымдық кеш өтті.

Ұлы ойшылдың ғибратты өмірі мен шығармашылығынан дәйек келтіріліп, адам бойына адамгершілік тәрбие мен рухани байлықты насихаттайтын басқосуға ауданның шығармашылық жастары мен кітапхана оқырмандары және әдебиет сүйер қауым қатысты. Рухани кеш барысында қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың тағылымы мол көркем әдебиетінен сыр шертіліп, шығармашылық мұрасы мен тұлғалық қасиетіне деректер келтірілді. Сондай-ақ, Абай жалғыз қазақтың емес адамзаттың шамшырағы екендігі туралы ойлар да айтылды.

dd35995c-4d5d-4f46-9409-9b158e08e034

cd0ce6f7-dbeb-4dbb-b10b-0c9ce552326c

Әрі қарай, әдеби кеш Абай өлеңдеріне шолу жасаумен жалғасын тапты. Кеш барысында С.Тұрысбектің «Көңіл толқыны» күйін Е. Мұсаев нақышына келтіріп орындаса, әдебиет сүйер оқырмандар ақынның «Қорқытпа мені дауылдап», «Жүректе қайрат болмаса», «Жігіт сөзі», «Ғылым таппай мақтанба», өлеңдерін мідірмей оқыды. Ал А.Құрманғазы ақын рухына арнап жырымен шашу шашты. Сондай-ақ жиналған көпшілік ұлы ақынның «Көзімнің қарасы» , «Желсіз түнде жарық ай» әнін қосыла шырқап, арнайы дайындалған қара сөздерінде бейнеэкраннан тамашалады. Одан әрі орталық кітапхана маманы А.Айболатқызы сөз сөйлеп, барша әдебиет сүйер оқырмандарға ұлы ғұлама туралы құнды деректер келтіріп, қатысушыларға өз алғысын білдірді. Сондай-ақ жүздесуде кітапхана ұжымы ойлы оқырмандарды марапаттап, естелік сыйлықтарын тарту етті. Рухани кеш соңы Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған «Абай әлемі» кітаптар көрмесіне саяхат жасаумен өз мәресіне жетті.
А.Жұмабергенова

c88634ca-c7a9-4e15-af36-c03af4756484

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521