Мақат кентінің әкімі Ербол Ермағамбетовтың айтуынша, 12 үйді жөндеу жұмыстарын мемлекеттік сатып алу конкурсынан 4 түрлі мекеме ұтып алып, жұмыстар уақытында бітуі үшін 4 бөлек жоба жасақталған.
Атап айтар болсақ, С.Мұқашев көшесіндегі №18/2, №18/6 үйлер мен Мұнайшы газетінің 60 жылдығы көшесіндегі №12/1, №12/3 үйлерді шатыр лау мен сылақтау 184 592 000 теңгеге, С. Мұқашев көшесіндегі №80/8 үйдің бір өзін шатырлау, сырты сылақ жұмыстарын жасау, қасбетін әрлеу 275 546 0 0 0 теңгеге, С. Мұқашев көшесіндегі №35а, №80/5, №80/7 үйлерін шатырлау, қасбетін әрлеу 265 620 000 теңгеге, С. Бекжанов көшесіндегі №13А, №13Б, №13В, №13Г үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізу 296 076 000 теңгеге бағаланып тұр. Барлығын қосқанда 1 021 834 000 теңге қаражатты құрайды. Мақат кентінің әкімі Ербол Ермағамбетовтың айтуынша, 12 үйді жөндеу жұмыстарын мемлекеттік сатып алу конкурсынан 4 түрлі мекеме ұтып алып, жұмыстар уақытында бітуі үшін 4 бөлек жоба жасақталған.
«Жобалық - сметалық құжаттама жасалып сараптамадан өтіп тұрғаннан кейін ендігі кезек бюджеттен қаржы бөлінуіне тіреліп тұр. Жұмыстардың барлығы демеушілердің емес жергілікті қаржат есебінен жүзеге асады. Ол қаражат көп болғандықтан облыстық бюджеттен бөлінбек. Аудан әкімі де бұл жағдайды об лыс әкіміне жеткізген бола тын. Қазіргі таңда Атырау облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы конкурс жариялауда»,- дейді Мақат кенті әкімі Ербол Қонысбайұлы.
Мемлекеттік сатып алу кон курсына түсетін мекемелер заңдылық бойынша бағаланып тұрған қаражатты 15%-дан артық төмендете алмайды. Тұрғындар үшін маңыздысы жұмыстардың негізгі бөлігі осы жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлануын да. Тек № 80/8 үйдің сыртқы сылау жұмыстары келесі жылға қалуы мүмкін. 12 үйдің тізіміне енбей қалған басқа да жөндеуді қажет ететін үйлер өз кезегін күтетін болады.
Асылбек Есжан