Елімізде 1 маусымнан бері 140 адам суға кеткен

(0 Votes)

Премьер-Министр шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздік шараларына назар аударды.

«Тағы бір маңызды мәселе — суға түсу, шомылу кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары.

Жауапты органдар бейбіт күнде азаматтарымыздың өзен-суға батып жатқанына қарап отырмауы керек.

Қазір шомылу маусымының қызған шағы. 1 маусымнан бері елімізде 140 адам суға кеткен, оның 49-ы балалар.

Былтырғы жылмен салыстырғанда адамдардың суға батуы 42%-ке қысқарған. Сонда да бұл көрсеткіш өте жоғары деп санаймын.

Су — қателікті кешірмейді. Ел азаматтары балалар қауіпсіздігіне сақ болуы қажет.

Біз қайғылы жағдайларға жол бермеу үшін барлық шараны қабылдауымыз керек.

Төтенше жағдайлар, Экология министрліктеріне әкімдіктермен бірлесіп судағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді, онда құтқарушылардың болуын бақылауды тапсырамын.

Халық арасында түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізіп, суға түсуге болмайтын жерлерді анық белгілеу қажет».

#Үкімет

akorda.kz

Фото ашық дерекөздерден алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521