Көзін қорқытып, жемқорлыққа көңілін суыту шарасы

(0 Votes)

Сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерін жасағаны үшін әшкереленген шенеуніктер атқарып отырған қызметтері мен шендеріне қарамастан, заңның барынша қатаңдығы бойынша жауапты болады.

Бұл жөнінде Қылмыстық атқару жүйесінің УГ-157/1 мекемесіне барып қайтқан пресс-тур барысында Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының мердігер мекемелерінің басшыларына еске салды.

«Бүгін біз жергілікті атқарушы органдардың басшыларына сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен парақорлықтың неге алып келетінін көрсеткіміз келеді. Айталық, тергеуде отырған бұрынғы әріптестеріне бару арқылы «ескерту» экскурсиясын жасадық», – деп атап өтті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің Алдын алу және парасаттылық басқармасының басшысы Ж.Қаражанов.

otyrgysh

Ведомствода жұмыстың алдын алу шаралары маңызды қызмет саласы болғанымен, жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жазадан әлі ешкім құтылып кеткен жоқ деп атап өтті.

-Біз мемлекеттік қызметкерлерге тергеу изоляторларына жиі экскурсия ұйымдастырып тұрамыз. Мұндай экскурсиялар ұмытылмас әсер қалдырады және жемқорлық туралы қандай да бір ойдан айнытады. Бірақ, өкінішке орай, олардың арасында ашкөз және тойымсыз шенеуніктер бар, – деді Қаражанов.

Ол агенттіктің жұмыс істеу тәсілдері түбегейлі қайта қаралғанын атап өтті.  

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT