Атырауда коронавирус инфекциясымен ауырған 30 науқас жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жансақтау бөліміне түскен 30 науқастың 6-уы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
«Атырау облысындағы инфекциялық стационарларда 397 науқас ем алып жатыр. Стационарларда 2 098 төсек-орын бар. Қазір мұндағы жүктеме 18,9%-ды құрап отыр. Ал, 81 төсек-орны бар жансақтау бөлімінде 30 науқас емделуде. Бұл бөлімдегі жүктеме – 37,0%» -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда Аshyq қосымшасы «қызыл» мәртебелі 20 адамды анықтаған еді.
Сурет: ашық дереккөз