Атырау облысы Жылыой ауданында су тасқынның салдарын жою мақсатында құрылған Қоғамдық штаб бүгінде 3681 тұрғынға қызмет көрсетті. 6-мамыр күнгі мәліметке сүйенсек бүгін 25 құлсарылықтар су тасқынынан кейінгі әртүрлі мәселелері бойынша Қоғамдық штабқа жүгінген.
Қазіргі уақытқа дейін Қоғамдық штаб жергілікті әкімдікпен бірлесе отырып, ХҚО, банк, КазПочта сияқты әлеуметтік нысандарды қайта іске қосуға атсалысты.
Еске сала кетелік, Қоғамдық штаб Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, №9 орта мектеп ғимаратының акт залында қызмет көрсетуде.
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы