Тасқын кезінде эвакуацияланған тұрғындардың бір бөлігі қазіргі таңда «Теңіз» вахталық қалашығында, Ақтау және Құлсары қалаларындағы эвакуациялық пункттерде жатыр.
6 мамыр күнгі мәлімет бойынша, "Теңіз" вахталық қалашығының 2 эвакуациялық пунктінде - 418 адам, Құлсары қаласында 2 эвакуациялық пунктте 163 адам, Маңғыстау облысы Ақтау қаласында 3 эвакуациялық пунктте 105 адам бар.
Еске сала кетсек, тасқын кезінде Құлсары қаласында 36738 адам эвакуацияланған болатын.
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы