ҚҚС мөлшерлемесін арттыру: Мәжіліске Салық кодексінің түзетілген жобасы енгізілді

ҚҚС мөлшерлемесін арттыру: Мәжіліске Салық кодексінің түзетілген жобасы енгізілді
(0 Votes)

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Ұлттық экономика министрлігі Мәжіліске салық кодексінің жобасына түзетулер пакетін енгізді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Ззгерістер салықтық әкімшілендіруді жетілдіруге бағытталған.

Негізгі түзетулер мыналарды қамтиды: 

Қосылған құн салығы бойынша міндетті тіркеу шегін төмендету – 20 000 МРП (78,6 млн теңге) 3 800 МРП (15 млн теңге) дейін; 

Қосылған құн салығының мөлшерлемесін арттыру – 12%-дан 16%-ға дейін, бұған қоса бірқатар салалар үшін төмендетілген мөлшерлеме 10% белгіленеді;

Жеңілдетілген декларация бойынша арнайы салық режимін қолдануды шектеу – тек B2C сегментіне (бизнес түпкілікті тұтынушылар үшін) қолжетімді болады.

Осыған дейін Президент қосылған құн салығының мөлшерлемесі сараланып белгіленуі тиіс екенін айтқан болатын.

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов сарапшылармен бірге салық реформасы мен цифрландыру арқылы әкімшілендіру мәселесін талқылады.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT