Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақыты қысқарды

(0 Votes)

Қазақстанның халыққа қызмет көрсету орталықтарында клиенттерге қызмет көрсету уақыты қысқарды.

ҚР Бас санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша Қазақстанның халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды алдын ала брондау арқылы ғана қабылдайды. Жұмыс кестесі де қысқарды, фронт-офистер таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін мемлекеттік қызмет көрсетеді. Еліміздің барлық аймақтарында ХҚКО бес күндік аптаға ауыстырылды, сенбі мен жексенбіі күндері жұмыс істемейді.

Шектеу шараларына байланысты күніне азаматтардың шектеулі санын ғана қабылдай алады. Осы тұрғыда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы фронт-офистерде қызмет көрсету уақытын 20 минуттан 15 минутқа дейін қысқарту туралы шешім қабылдады. Бұл күніне қызмет алушылар санын 25%-ға көбейтті. Енді бі қызметкерге бір сағат ішінде 4 клиентке қызмет көрсете аладыі. Ескі брондау жүйесі бойынша бір сағатта тек үш адамды қабылдау мүмкін болған. 

«Жаңа жүйе енгізілгеннен кейін ескі уақыт бойынша кезекке тапсырыс берген клиенттермен түсініспеушілік орын алып жатыр. Біз бұны алдын-ала болжадық және бұл мәселелер сол жерде-ақ шешіледі. Бізге біраз уақыт қажет, өйткені жаңа жүйе бойынша брондау процесі жүріп жатыр. Бірнеше күн ішінде жұмыс қалыпқа келеді, ХҚКО көбірек адам қабылдай алады», деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қоғаммен байланыс жөніндегі басқарушы директоры Байрам Азизов.

Айта кетейік, халыққа қызмет көрсету орталығына кіру үшін «Ashyq» қосымшасы қолданылады.

egemen.kz

Сурет: ашық дереккөз

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521