banner_damu

Дүйсенбіден бастап 5 өңірде шектеу шаралары қатаңдайды

(0 Votes)

2 тамыздан бастап бірнеше өңірде Ashyq жобасына қатыспайтын кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексец Цой орталық коммуникацяилар қызметінде өткен брифингіде айтты.

«Республика бойынша тәуліктік ауру жұқтыру көрсеткішінің 65 пайызы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағандыға тиесілі. Осыған байланысты кеше ведомствоаралық комиссия аталған өңірлерде қосымша шектеу шараларын бекітті. Ол шектеулер 2 тамыздан бастап күшіне енеді», - деген министр шектеудің қандай мекемелерге бағытталғанын атады.

«Меншік иесіне қарамастан, орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктерден, құқық қорғау органдары мен денсаулық сақтау нысандарынан, БАҚ ұйымдары мен азық-түлік дүкендерінен, дәріханалар мен өмірді қамтамасыз ететін ұйымдардан басқа Ashyq жобасына қатыспайтын барша кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы тоқтатылады. Ойын-сауық, спорт және өзге де бұқаралық шараларды, отбасылық жиын-той мен еске алу шараларын өткізуге тыйым салынады», - деді Алексей Цой.

inform.kz

 

 

Мақат тынысы

podpiska_kaz

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика