Халыққа қолайлы мәселелер шешімін таппақ

Халыққа қолайлы мәселелер шешімін таппақ
фото: naryk.kz
(0 Votes)

Банктер, несие, ақша - қазіргі өркениеттіліктің өзінен ажырағысыз белгілері. Олардың қызметтері қоғамдық өнімді өндіруді, бөлуді, айырбастауды және тұтынуды бір-бірінен бөлінбейтін үздіксіз процеске айналдырады. Оларды пайдаланбай ешбір шаруашылық субъектісінің ісі тынбайтыны анық. Сондықтан кез келген адам қажеттілік болған жағдайда банк қызметін пайдаланады. 

Осы тақырып бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылдың 28 қаңтарындағы Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында сөз етті.

Президенттің айтуынша, 2017 жылдан бастап 2020 жылға дейін бірқатар ірі банкке мемлекет тарапынан, соның ішінде Ұлттық қор есебінен 15 жыл мерзімге қаржылай қолдау көрсетілген.

«Кейбір банктер өз шығындарын әлдеқашан өтеген. Бірақ мемлекеттің иелігіндегі қаржыны қайтаруға асықпайды. Тіпті оны жоғары пайызбен тәуекелі аз мемлекеттік қаржы құралдарына салып, кепілді табыс тауып отыр. Үкімет пен Ұлттық банкке шара қабылдауды тапсырамын. Бір нәрсені атап өткім келеді банктер Үкіметтің, соның ішінде халықтың жауы емес. Бірақ диалог негізіндегі әділ серіктестік орнауға тиіс. Кезінде сіздерге көмектестік, енді сіздердің кезектеріңіз келді», - дейді Мемлекет басшысы.

Осы ретте банктер мен адамдар арасында экономикалық айналым ұлғайып, халыққа қолайлы мәселелер өз шешімін табады деп сенеміз.

Г.Жұбанышқалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT