Қазақта «Еңбек түбі – береке» - деген мағыналы мақал бар. Әр адам адал жолмен еңбек етіп, бар маңдай терін төксе ғана жұмысының жемісін көретіндігі анық. Қазіргі заманда да қоғамда елеулі еңбек етіп жүрген жандар бар. Солардың ішінде – жұмысшы мамандықтарының ел экономикасын дамытуда еңбегі орасан зор.
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев та жұмысшы мамандықтарының сұранысқа ие екендігін айтып, биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған болатын. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылдың 28 қаңтардағы өзінің төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында да жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру қажеттігін айтқан болатын.
Мемлекет басшысының бұл бастамасы жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтере отырып, жастарды сұранысқа ие мамандықтарды игеруге шақыру жол ашады деп ойлаймын. Бұл ретте еліміздегі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту маңызды.
Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Сондықтан қоғамда жұмысшы мамандықтарын мерейі артып, қоғамнан ойып тұрып орын алатын кезі келді. Ел ертеңі болар да жас буын да кәсіптік білімді меңгеріп, мемлекеттің қуаты болар жұмысшы мамандықтарының иесі болады деп сенемін!
Жаннұр Қамза