Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің «Экономика және құқық» факультеті, «Қылмыстық-құқықтық пәндер» кафедрасы және «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы РҚБ Атырау облыстық филиалы бірлесіп, «Интернет алаяқтық қылмысынан сақ болайық» тақырыбында құқық қорғау органдары өкілдерімен кездесу ұйымдастырды.
Іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерлету және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында өткізілді.
Кездесуді Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Басқарма төрағасы–ректоры, «ЖАҢАРУ» қозғалысы Атырау облыстық филиалының директоры С.Н. Идрисов ашып, интернет алаяқтықтың қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті. Ол құзырлы органдардың бұл бағыттағы жұмысы мен азаматтардың ақпараттық сауаттылығын арттырудың маңыздылығын ерекше тоқталды.
Кездесу барысында қатысушылар интернет кеңістігінде жиі кездесетін фишинг, дипфейк, онлайн саудадағы және инвестициялық алаяқтық, SMS және мессенджерлер арқылы жасалатын қылмыс түрлерімен танысып, олардың алдын алу жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар интернеттегі жеке деректерді қорғау, қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру бойынша бейнематериалдар көрсетілді.
Кездесу соңында университет ректоры Саламат Идрисов қатысушыларға алғыс хаттар табыстап, интернет алаяқтықтың алдын алу бағытындағы түсіндіру жұмыстарының жалғасатынын айтты.



