Қазақстанның мұнайы мен газы қанша жылға жетеді?

(0 Votes)

1993 жылы 19,5 млн тонна шикі мұнай өндірілген. Екі жылдан кейін жоғарыдағы көрсеткіш 1,8 млн тоннаға азайып, өндірілген шикі мұнай көлемі 18 млн тоннаны құраған.

«1995 жылдан 2010 жылға дейін жер астынан 68 млн тонна мұнай алынды. 2019 жылы мұнай өндіру көлемі 78,6 млн тоннаға жетті», – деп жазылған Ұлттық статистика бюросы таратқан ақпаратта.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, еліміздегі мұнай мен газ қоры 60-100 жылға жетуі мүмкін.

Мемлекеттік реестрде қоры 4,4 млрд тоннаны құрайтын 307 мұнай кен орны бар. Жылына 80 млн тонна мұнай өндірілсе, қор 60 жылдан астам уақытқа жетеді.

Кен орындарындағы газ қоры 1,3 трлн текше метрді құрайды. Жыл сайын 100 млн тоннаға жуық өнім өндірілсе, шикізат 100 жылдан астам уақытқа жетеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT