Қазақстанда «Назар аударыңыз – балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

(0 Votes)

  Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов өткізіліп жатқан іс-шара аясында құқық қорғау органдары оқу орындары мен балалардың жаппай демалатын орындарының маңында бақылау мен қауіпсіздікті күшейткенін хабарлады. Сонымен қатар, мектептер мен ойын алаңдарына патрульдік маршруттар орналастырылды, жаяу жүргіншілер өткелдері мен қиылыстардағы қадағалау күшейтілді, сондай-ақ полиция қызметкерлері оқушыларды қауіпсіз тасымалдау ережелерінің сақталуын тексеруде.

Рейдтер барысында инфрақұрылымның кемшіліктері анықталды: Ұлытау, Жетісу, Абай өңірлерінде, сондай-ақ Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында бағдаршамдар, жол белгілері мен таңбалар жоқ. Әкімдіктерге осы кемшіліктерді биыл 1 қыркүйекке дейін жою міндеті қойылды.

Балалардың жаппай демалу орындарындағы қауіпсіздікке ерекше назар аударылады. ІІМ лагерь қызметкерлерін тексеруді қамтамасыз етеді, тәртіп сақшыларын балалар лагерлеріне бекітеді және балаларды демалыс орындарына тасымалдауды сүйемелдеуді ұйымдастырады.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT