Қазақстанда 2029 жылға дейін балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту бойынша Жол картасы әзірленді

(0 Votes)

 ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Үкімет отырысында демалыс кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Ол жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, балалар мен жасөспірімдер туризмін дамытудың 2029 жылға дейінгі Жол картасы әзірленгенін атап өтті. Бұл құжатта 7 бағыт бойынша 29 іс-шара қарастырылған.

Ішкі туризмді насихаттау мақсатында балалар авиабилеттерін субсидиялау бойынша мемлекеттік қолдау шарасы Kids go Free қолданылады. Бағдарлама іске қосылғаннан бері 5,6 мыңнан астам бала тегін әуе сапарларының мүмкіндігін пайдаланды.

Министрлік кәмелетке толмаған жолаушыларды алып жүруге құқығы бар тұлғалардың тізімін кеңейту бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл тізімдегі қатысушыларды ұлғайтуға мүмкіндік береді.Биыл осы бағдарлама аясында 3 мың баланы қамту жоспарланып отыр.

Жергілікті атқарушы органдармен және турбизнес субъектілерімен бірлесіп балалар мен жасөспірімдер арасында ішкі туризмді насихаттау және дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде. «Мысалы, Астана әкімдігі жыл сайын әр өңірден жиналған 1000-ға жуық баланы қамти отырып «Астана – Отанымның Елордасы» әлеуметтік жобасын іске асырып келеді. Тур бағдарламасына тұру, тамақтану, ауқымды мәдени-ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастыру кіреді. Туристік қоғамдастықпен бірлесіп арнайы туристік маршруттар әзірленді. Ол мәдениет, тарих және дәстүрмен танысуға, сондай-ақ оқушылар мен студенттердің ой-өрісін кеңейтуге бағытталған», — деп атап өтті Ержан Еркінбаев.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT