«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» - Құлсарыда

(0 Votes)

Қарапайым халықтың арасында қаржылық сауаттылықтың төмендігі көзге көрініп-ақ тұрады. Оған дәлел, бас-басына кредит алған отбасылар мен «Kaspi Жұмада» қарызға батқан қазақстандықтар. Осы олқылықтың алдын-алу үшін ел Президенті Қ.Тоқаев бірнеше тапсырмалар берген болатын.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауына сәйкес ҚР Үкіметі мен «AMANAT» партиясымен бірлескен «Қарызсыз қоғам» жобасының ауқымын кеңейту қолға алынды. Жобаның негізгі мақсаты халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру болып табылады.

Жоба аясындағы семинарды Атырау қаласынан келген қаржы сарапшысы Мереке Бисенов қатысушыларға өз қаржысын тиімді басқаруды, жалпы шығындарды есептеп оларды жүйелеуді, алаяқтық әрекеттердің белгілерін және олардан құтылу мен бизнес ашудың жолдарын үйретіп, қаржылық сауаттылықтарын арттыруды түсіндірді. Тыңдаушылар тарапынан қойылған бірқатар сұрақтарға кеңес беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Өз тілшімізден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT