23 қаңтар күні түнгі сағат 03:29 шамасында Атырау қаласы, Азаттық көшесінде орналасқан "Vivaldi" ресто-бар алдында 32, 33 және 28 жастағы әйел азаматшалар өзара келісе алмай төбелес шығарған.
Олар сол күні "Vivaldi” ресто-барының ішінде көңіл көтеріп, ішімдік ішкен. Аталған азаматшалар, патрульдік полиция қызметкерлерімен наркологиялық сараптамадан өткізіліп, сараптама нәтижесімен жеңіл дәрежелі мас күйде болғандықтары анықталды. Оларға қатысты, ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабымен әкімшілік хаттамалар толтырылып, жинақталған іс-құжаттар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Ал, сағат 20:00-ден кейін жұмысын жалғастырып, Атырау облысының бас санитариялық дәрігерінің 2021 жылдың 21 қаңтарындағы №1 қаулысын бұзып, карантин режимін сақтамаған "Vivaldi" ресто-барына қатысты жинақталған іс-құжаттар шешім қабылдау ушін Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасына жолданатын болады.
Атырау облысы полиция департаменті
Сурет: ашық дереккөз