Атырау қаласының 51 жастағы азаматшасы полицияға өзге азаматшаның қорқытып 50 000 теңге талап еткендігі жөнінде арызданған. 32 жастағы Өзбекстан азаматшасы ғаламтор желісіне жәбірленушінің интимдік сипаттағы бейнежазбаларын жүктеймін деп бопсалаған.
Күдікті азаматша 19 қаңтар күні Атырау қаласы, С.Датов көшесіндегі банк филиалы ішінде орналасқан терминалдан талап еткен ақшасын көзінше өзінің есеп шотына салдыртқан. Полиция күдіктіні сол жерде құрықтады.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-тің 194-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, өзге ақпарат ҚПК-тің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.
Атырау облысы полиция департаменті