Карантин режимін сақтамаған 60-қа жуық адам анықталды

(0 Votes)

Тәулік ішінде карантин режимін бұзушыларға 55 әкімшілік хаттама рәсімдеді, деп хабарлайды Атырау облыстық Полиция Департаменті өзінің фейсбук парақшасында.

Карантин режимін сақтау қажеттілігі туралы күнделікті профилактикалық түсіндіру жұмыстарының жүргізілгендігіне қарамастан, жекелеген азаматтар талаптар мен шектеулерді ескермей отыр.

19 сәуірде полиция қызметкерлерімен карантин режимін сақтамағаны үшін 60-қа жуық адам анықталды. Оның ішінде күндізгі уақытта карантин режимін бұзған 39 дерек тіркелген.

polisia2004201

Тәртіп сақшылары 100-ден астам азаматқа ескерту жасады.

Полиция қызметкерлері көлік жүргізушілерімен қатар, тұрғын үйлердің маңайын, көшелерді тексереді. Денсаулыққа қауіп төнетінін ескермей, балаларын ойынға шығарған ересектермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Карантин режимі сәуір айының соңына дейін ұзартылды.

Кез келген құқық бұзушылық анықталған жағдайда жауапкершілікке , атап айтқанда 10 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынатынын ескертеді.

Сонымен қатар полиция тұрғындарды карантин режимін бұзбауға және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT