Атырауда 10 адам жәрдемақыны кері қайтарған

(0 Votes)

Әлеуметтік желі арқылы келіп түскен осы сұраққа жауап берген спикер Серік Хамидолла жұмысы бола тұра, жәрдемақы алғандардың қаражатты мемлекетке кері қайтаруы әркімнің өз таңдауы екенін айтты.

"42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақы жұмыс жасап жүріп, ақысыз күнге кеткен азаматтарға арналған. Ал, жұмысы бола тұра, алынған жәрдемақы алғандар қаржыны Каspi. kz қосымшасы арқылы кері қайтара алады.
Қазіргі таңда төлемді кері қайтару мәселесі республика бойынша көтеріліп жатқан жоқ" деп нақтылады Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолла.

Десе де, Атырау облысы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының басшысы Алмагүл Шатенованың айтуынша, қазіргі таңда аймақта 10 адам төленген жәрдемақыны әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы мемлекет қазынасына кері қайтарған.

Атырау облысы бойынша Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штабы

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36. makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

Әлеуметтік желілеріміз