Демеушілер өңірге канадалық және Глаука көк шыршасын жеткізді, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қылқан жапырақты ағаштар Орал қаласындағы бақта өсірілген.
- Шамамен ұзындығы 2 метр болатын шыршалар түп-тамырымен жеткізілді. Қаланың сәнін келтіретін канадалық және глаука көк шыршасы 4-5 метрге дейін өседі. Қазір олар Қаныш Сәтбаев даңғылының бойына, ретросаябақ пен теміржол вокзалының аумағына отырғызылды. Бұл жұмыс қала аумағын абаттандыруға бағытталған, - деді қалалық әкімдіктің баспасөз-хатшысы Ғасырбек Төлеген.
Бұдан бөлек, алдағы уақытта шахар аумағына жергілікті бақтар мен Ресейдің Тольятти қаласынан 300-ге жуық ақ қайың әкеліп, егу жоспарланып отыр.