Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы сағатына 13 миллиард киловаттан асуы мүмкін.
Бұл – алдағы 5 жылға арналған сарапшылардың болжамы. Олардың айтуынша, мәселені шешу үшін атом электр стансысын салу керек. Бірақ алдымен әлемдік тәжірибені егжей-тегжей зерттеу қажет. Мысалы, испаниялық сарапшы өз еліндегі атом электр стансысының толық жұмысы мен қауіпсіздігіне миллиондаған еуро инвестицияланғанын атап өтті.
Хесус Саиз дэ Оменьяка Тихеро, Equipos Nucleares компаниясының ядролық инженері:
- Испанияда атом энергетикасы 10 жылдан бері елдің негізгі ажырамас бөлшегіне айналды. Қазір бізде 47 миллион адам тұрады. Бұл дегеніміз атом энергетикасы электр энергиясын өндірудің шамамен 20%-ін құрайды. Олар 5 стансыда орналасқан әрі 7 ядролық реакторда өндіріледі. Сондай-ақ атом энергиясы елдегі көміртексіз электр энергиясын өндіруге үлкен үлес қосады.