Индер ауданының елді мекендерінің санитарлық жай-күйін жақсарту, халық арасында жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында аудан әкімдігінің үстіміздегі жылғы 26 наурыздағы №59 қаулысы шықты.
Аталмыш қаулының аясында ауданда 1 сәуір-14 маусым аралығында ауданның елді мекендерінің көріктендірілуі және санитарлық жай-күйі байқауының екі айлығы жарияланды.
Тазалықтың екі айлығына қатысты жұмыстарды жүйелі ұйымдастырып өткізу үшін аудан әкімінің орынбасары Әсет Оразғалиев жетекшілік ететін арнайы штап құрылды. Штап құрамына бөлімдер мен түрлі серіктестік басшылары, округ әкімдері енгізілді.
Айлық барысында «Таза сенбі» ұранымен әр сенбі сайын сенбіліктер ұйымдастырылатын болады. Саябақтар тазаланып бұралқы иттерді жою шаралары атқарылады. Жайық өзенінің жағалауын тазалауда назарға алынбақшы.
Сондай-ақ 5415 ағаш көшеттер күтімге алынса жаңадан 6790 тал егу жоспарланып отырған көрінеді.
Айлықтың өтуі барысы туралы аудандық «Дендер» газетінде арнайы мақалалар жариялау көзделіп отыр.
Тазалыққа тағылық жасамай әрбір тұрғын ортақ іске біркісідей жұмылып қоршаған ортаның гүлдене түсуіне үлес қосады деп сенеміз.
С.ЕРСАЙЫНҰЛЫ