Индер ауданында ұзындығы 27,4 км жол салу жұмыстары басталды

Индер ауданында ұзындығы 27,4 км жол салу жұмыстары басталды
(0 Votes)

Шығыс ықшамауданына 5 км, Болашақ мөлтекауданына 12 км, Индербор кентшілік 10,4 км автомобиль және жаяу жүргінші жолын салу жұмыстары басталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

 Аудан әкімдігінің баспасөз хатшысы Әли Жайшылықтың айтуынша, Индербор кентін толықтай асфальттау жоспарланған. Қазіргі таңда жол түсетін көшелерде жердің беткі қабаты алынып тегістелуде. Ары қарай кезеңімен инертті материалдар төселіп, асфальт салынады.

-Атап айтсақ, Индербор кентінің 15 көшесіне жол салынады. Мердігер мекеме - «Монолит Дизайн-2030» ЖШС. Құрылысты монтаждау жұмыстарына рұқсат алғаннан кейін 9 айда бітіру жоспарланды. Ал Болашақ ықшамауданының 15 көшесіне автомобиль және жаяу жүргінші жолы төселеді. Мердігер мекеме - «Қарасай құрылыс» ЖШС. Жоба бойынша жұмыстар 11 айда толық аяқталуы тиіс. Шығыс ықшамауданына келер болсақ, мұнда 12 көшеге жол төселеді. Мердігер мекеме - «Монолит Дизайн-2030» ЖШС. Құрылыс жеті ай жүргізіледі деп күтіліп отыр,- деді Ә.Жайшылық.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT