Атырау қаласындағы сенбілікте 500 тоннадан астам қоқыс шығарылды

Атырау қаласындағы сенбілікте 500 тоннадан астам қоқыс шығарылды
(0 Votes)

Облыс әкімі Серік Шәпкеновтің төрағалығымен өңірді абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстары туралы әкімдік отырысы өтті,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Жиында облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұрлан Жантоқов «Таза Қазақстан» акциясы аясында өңірде жүріп жатқан іс-шараларға тоқталды.

- Бүгінде аймақта өткізілген сенбіліктерге 22,5 мыңнан астам адам қатысып, 386 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 547 тонна қоқыс полигонға төгілді. Алайда Жылыой ауданын санитарлық тазалау жұмыстары өз деңгейінде жүргізілмеуі тұрғындар наразылығын тудырып отыр. Облыс елді мекендерін көгалдандыру бағытында жасалған өңірлік жоспарға сәйкес, биыл барлығы 59 гектарға 117 000 ағаш отырғызу жоспарланды. Оның 15 гектарына 10 993 көшет отырғызылды. Бұл жұмыстар Жылыой мен Индер аудандарында жүргізілген жоқ, жоспар орындалмауы мүмкін,-деді Н.Жантоқов.

Ал Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Айдулат Кенжебековтің айтуынша, қаланың санитарлық тазалау жұмыстарына жауапты мекемелер жұмысы әлі күнге жүйеге келтірілмеген.

- Атырау қаласы мен қала маңындағы елді мекендердің санитарлық жұмыстарына жауапты мекемелер белгіленді, бірақ жұмысты жандандыруы керек. Одан бөлек, жол белгілерін жаңарту, жол жамау, шағын және орта бизнес аулаларын, іргелі аймақтарды тазалау жұмыстарына рейд ұйымдастыру қажет. Облыс бойынша барлығы 8 628 дана қоқыс контейнері бар. Биыл тағы 1 376-сын сатып алуға қаражат бөлінді, осыны ыждағаттау керек. Биыл аудандарды абаттандыру жүмыстарына қаражат бөлініп, спорттық жаттығу алаңдарының, демалыс саябақтарының, балалар ойын алаңдарының құрылысы жүргізілуде,-деді А.Кенжебеков.

Аймақ басшысы Атырау қаласы мен Жылыой ауданы әкімдерінің жұмысы жүйеге қойылмағанын айтып, нақты тапсырмалар берді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT