Қай ел болмасын біліммен ғана өзге мемлекеттерден озбақ. Қазба байлық та, басқасы да күн өте маңыздылығын жоғалтуы мүмкін.
Ал, ғылым-білім ешқашан артта қалмайды. Соны жете түсінген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та ғылымды дамыту жөнінде сөз сөйлеп, бірқатар ұсыныстарын айтты. Бурабайда өткен төртінші жалпы Ұлттық Құрылтайда көп мәселе көтерілді. Ішіндегі маңыздыларының бірі: осы ғылымды дамыту еді. Себебі, дамыған 30 мемлекеттің ішіне кіру үшін де ғылымға бет бұруымыз міндет.
Қ.Тоқаев: -Қазіргі заманда экономика инновацияға негізделуі керек екені сөзсіз. Біз ғылымды дамыту, соның ішінде қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін көп жұмыс істеп жатырмыз. Ғылыми жаңалықтарды коммерцияландыруға, ғылым мен өндірістің байланысын күшейтуге баса мән беріліп отыр. Дегенмен Қазақстанда әлі күнге дейін бірде-бір ғылым қалашығы жоқ. Алматы іргесіндегі «Алатау» инновациялық технологиялар паркінің аумағында ғылым қалашығын құру туралы идея бар екенін білемін,-деді өз сөзінде.
Қарапайым Жапонияның өзі шикізатсыз-ақ, білімнің арқасында ілгері кетіп, экономикасын қарыштатып дамытуда. Әлемдегі үздіктер қатарында. Біз де ғалымдарға жағдай жасап, аталған салаға нақты реформалар істесек, еліміздің экономикасы артып, ұрпағымыз ұлағатты болары сөзсіз.
Ардақ Дүйсенбаева,
қала тұрғыны