Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жұмысшылар жылы» деп жариялағалы көптеген өзгерістер орын алуда.
Мен көбіне қарапайым қатардағы қара жұмысшылардың мәртебесі артып, мерейі өссе екен деймін. Себебі, көп жерлерде ол жандардың еңбегі еленбей қалып жатады. Ел Президентінің осы бастамасы бұл саладағы олқылықтардың орнын толтырады деген үміттемін. «Отан отбасынан басталады» деген сияқты, әр үлкен өндіріс қарапайым жұмысшыдан бастау алады. Жұмысшылардың жағдайы жақсарар болса, өндірістің де, одан қала берді ел экономикасының да өсері хақ. Еңбектегі ерлер еленер болса, көпке қуаныш пен шаттық сыйлары сөзсіз.
Ержан Алпанов,
бұрғышы
Сурет ашық дереккөзден