Газ жылу көзі ғана емес, бұл – ауыл шаруашылығын дамытуға да үлкен көмек

Газ жылу көзі ғана емес, бұл – ауыл шаруашылығын дамытуға да үлкен көмек
(0 Votes)

Бір кездері біздің ең алыс ауыл газдандырылатыны туралы әңгіме болған кезде, қарапайым тұрғындар, тіпті біз, мемлекеттік қызметкерлер де сенбеген едік.

Бір күні мен аудан орталығындағы есеп беру жиналысында отырған кезде сол кездегі өңір басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетов 2016 жылы Азғыр, Балқұдық, Сүйіндік, Жалғызапан, Лабай, Батырбек ауылдарын және басқа да алыс елдімекендерді газдандыру жұмыстары басталатынын айтты. Содан кейін де өз-өзіме сенбей, барлық ақпаратты егжей-тегжейлі жазатын аудандық "Серпер" газетін алып оқығанда ғана көзім жетті. Әлі есімде, Құрманғазы ауылына газ жүргізгенде де дәл осылай ешкім сенбеген еді.

Біздің ауылдық округте тұрғын үй секторын инвентаризациялау жұмыстары жүргізіліп, 2019 жылы бізге көгілдір отын келді. Қуанышымызда шек болмады! Содан бері ауылдан қалаға көшу үрдісі тоқтады. Халық саны артпаса, кеміген жоқ, сол 2,5 мыңнан төмендемеді.

Газ тек үйді жылытып қана қоймай, экологиялық жағынан да қауіпсіз болып табылады. Оған жететін жылу жоқ. Сондай-ақ, бұл ыстық су мен жылытуға кететін шығынды азайтады. Ал, бұрын естеріңізде болса, жыңғыл шауып, соны жағатын едік қой. Содан жасыл желектің көбі оталып кеткен еді. Қазір сол жыңғылдар қайта өсіп, қалпына келуде.

Сол сияқты, көгілдір отын біздің «Сүйіндік» ауылшаруашылық кәсіпорнын қайта жандандыруға да үлкен үміт сыйлап отыр.

Данияр САБИРОВ,

Сүйіндік ауылдық округінің әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT